«Каспий» мен «Ақтөбе» ұпай бөлісті

14.03.2021, 22:10
Қос команда да стандарттан гол соқты.
«Каспий» мен «Ақтөбе» ұпай бөлісті

Ақтаулық "Каспий" Премьер-лиганың алғашқы турында "Ақтөбені" қабылдады. "Жас Қанат" стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Қос команда алғашқы таймда гол соға алмады. Бірақ 52-минутта алаң иелері сапында Уаджди Сали айып соққысын керемет орындап есеп ашты. Ал 60-минутта Максим Федин пенальтиден гол соқты.


Бір ұпайды қанағат еткен "Каспий" турнирлік кестеде жетінші орынға тұрақтады. Ал "Ақтөбе" клубынан бұған дейін үш ұпай шегерілген болатын. Сондықтан Бага шәкірттері соңғы орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×