Жазда еркін агент атанатын Агуэроның қай командаға ауысатыны белгілі болды

14.03.2021, 22:26
Агуэро жаңа клубының президентімен ауызша мәміле жасасқан екен.
Жазда еркін агент атанатын Агуэроның қай командаға ауысатыны белгілі болды

"Манчестер Ситидің" шабуылшысы Серхио Агуэро "Барселонаға" ауысуға жақын, деп хабарлады AS басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, каталондық клубтың жаңа президенті Жоан Лапорта 32 жастағы аргентиналық футболшымен бұл трансфер туралы келісіп қойған. Агуэроның "Барселонамен" келісім-шарты 2023 жылдың маусым айына дейін жасалмақ.

Агуэро "Манчестер Ситиге" 2011 жылдың жазында Мадридтің "Атлетикосынан" ауысып келген еді. Трансфер құны 40 миллион еуроны құрады. Оның "қалалықтармен" келісім-шарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады. Аргентиналық шабуылшы Англия чемпионатының ағымдағы маусымында 8 матчқа қатысып, 1 гол соқты.

"Барселона" 26 матчта 56 ұпай жинады және Испания чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×