«Тобыл» «Ақжайықты» еш қиындықсыз жеңді

15.03.2021, 00:03
Бабаян шәкірттері бірінші орынға шықты
«Тобыл» «Ақжайықты» еш қиындықсыз жеңді

Қостанайлық "Тобыл" футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы турында оралдық "Ақжайықпен" кездесті. "Тобыл Аренада" өткен матча алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 30-минутында Азат Нұрғалиев көзге түсіп, командасын алға шығарды. Ал 75-минутта Асхат Тағыберген айып соққысын сәтті орындап, матчтың нүктесін қойды.

Сенімді түрде үш ұпайға қол жеткізген Григорий Бабаян шәкірттері бірінші орынға көтерілді. Ал оралдық клуб соңғы орындарда қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×