
Қуаныш Кабдолов бас бапкер міндетін атқарушы ретінде «мұнайшыларды» үшінші ойында бастап шығады.
Өткен апта ішінде екі рет «Астанамен» кездесіп, ұтылған алаң иелері «Ордабасыға» кәдімгідей қарсылық танытуы мүмкін.
Былтыр «Каспиймен» тәуір ойын көрсеткен қазақстандық маманға өзінің бапкерлік қырын көрсететін тамаша мүмкіндік туып тұр. Енді соны неге пайдаланып қалмасқа?
Оның үстіне шымкенттіктер қатарынан екі матчта жеңіске жеткенімен әлі де өзінің ойынын тапқан командаға толық ұқсамайды (Жетісуды 1:0 және Тұранды 1:0). Оны «дәл қазір бізге ойынның мазмұнынан бұрын, нәтиже маңызды» деген Андрей Мартиннің өзі де мойындаған болатын. Молдовалық маман турнирлік кестедегі жағдайды едәуір түзеді, дегенмен шатқаяқтап тұрған «Атырауда» ұпай жоғалтса, шыдамсыз шымкенттік фанаттардың сынай жөнелетіні анық.
Әзірге «Ордабасы» сегіз ұпаймен 8-орынға жайғасуда. «Мұнайшыларды» ұтып жатса жағдайын одан ары жақсарта түсер еді. Ал «Атырау» 3 ұпаймен ҚПЛ дебютанты «Ұлытауды» ғана озып 13-орында тұр.
Біздіңше кездесудің жалпы тоталы 2-ден аз болатын секілді. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде бұл нұсқаға 1.85 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.
Біздің серіктес: FONBET