
Турнирлік кестенің соңғы сатысындағы жезқазғандықтар ҚПЛ көшбасшысын қабылдайды.
Көпшілік бұл бәсекеде «Қайрат» еш қиналмастан үш ұпайын алып, турнирлік кестедегі позициясын нығайта түседі деп тон пішуде. Иван Азовский жаттықтыратын жезқазғандықтардың қазір шынымен-ақ халі өте нашар. Біз бұл жерде кестедегі орнынан бұрын, ойынын айтып тұрмыз - соңғы рет 30-наурызда «Жеңіспен» болған бәсекеде гол салыпты. Жалпы, бұл «Ұлытаудың» осы маусымдағы жалғыз нәтижесі! Барлық матчта таза жеңіліп, қауқарсыз көрінген премьер-лига дебютантының енді бүгін алматылықтарды ненің көмегімен тұсаулауы мүмкін?
«Қайрат» «Астанамен» көш басындағы бәсекесін жалғастыруда. Елордалықтарды артқа тастап кету үшін бүгінгі ойынды міндетті түрде ұтуы тиіс. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері сол «Астана»(1:1) мен «Қайсарға» қарсы ойында ғана ұпайдан шашау шығарды (0:0). Қалғанының барлығын ұтып, чемпиондық амбициясына сызат түсірмей келеді. Бірақ, артқа шегінер жолы қалмаған «Ұлытау» қауіпті болуы кәдік қой?
Біздің болжам - алаң иелері екінші таймда гол салады деген нұсқа. Fonbet.kz-те бұған 2.95 коэффициентімен бәс тігуге мүмкіндік бар.
Біздің серіктес: FONBET