
Астанада бүгін өте қызықты кездесу күтіп тұр.
Премьер-лиганың ең тегеурінді клубы ең жабық ұжымды ұта ала ма? Өткен айдың ортасында «Жеңіс» Кубоктык кездесуде ақтөбеліктерді ұтып кеткен болатын 1:0. Бүгін де сондай күтпеген нәтиже тіркеле ме?
Елордалық команда алты турдан кейін 5 ұпаймен оныншы орында. Бес рет тең ойнап, бір рет жеңіліс тапты (Елімайдан» 0:1). Астаналық ұжым басшылығының соңғы нәтижелерге көңілі толмайтыны анық. Сол үшін маусым барысында ақырындап күшейту жұмыстарын жүргізуде. Клуб қатары қос бірдей шабуылшымен толықты испаниялық Мартинес пен бразилялық форвард Жиан Мартинс алдағы уақытта «Жеңістің» алдыңғы шебіне қан жүгіртеді деп күтілуде.
«Ақтөбе» өткенде «Ұлытауды» ұтып (1:0) бесінші турда Қостанайдағы сәтсіздікті жуып шайғандай болды. Бас бапкер міндетін атқарушы Вячеслав Левчук үшін бүгін «Астана Аренада» маңызды матч - сынақ мерзімі ретінде үш ойын берілді деген ақпарат бар. Егер бүгін және келесі турда «Елімаймен» кездесуде тиімді нәтиже болмаса, клуб басшылығы оны орнынан алып тастауы мүмкін.
Сонымен, бұл бәсекеде біз жалпы тотал 2-ден көп болады деп топшылаймыз. Fonbet.kz бұған 1.80 коэффициент беруде.
Біздің серіктес: FONBET