"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясында "Жетісу" клубымен кездесті. Матч Атырау қаласындағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
37-минутта ойындағы алғашқы голды соққан Бауыржан Тұрысбек 68-минутта пенальтиден мүлт кетпей, дубль авторы атанды. Ал 71-минутта Дәурен Мәжитов қызыл қағаз алды. Бес минуттан кейін "Атырау" шабуылшысы Петар Кунич пенальтиді сәтті орындады. Ал ойынның соңғы минутында Асхат Балтабеков өз қақпасына гол соғып алды.
Осы маусымдағы алғашқы ұпайына қол жеткізген "Атырау" он үшінші орынға көтерілді. Ал "Жетісу" бір саты жоғары тұр.
Біздің серіктес: FONBET