Тони Сильваның жалғыз голы «Тобылға» жеңіс сыйлады

14.04.2021, 23:50
Бұл кездесуде де қызыл қағаз көрсетілді
Тони Сильваның жалғыз голы «Тобылға» жеңіс сыйлады

Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында қызылордалық "Қайсарды" қабылдады. "Тобыл Аренада" өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды небәрі 2-минутта "Тобылдың" шабуылшысы Тони Сильва соқты. 26-минутта сары қағаз алған "Қайсардың" қорғаушысы Кларенс Битанг 74-минутта алаңнан қуылды.

11 ұпайы бар қостанайлық клуб қосымша көрсеткіштер бойынша "Астана" мен "Қайратқа" жол беріп, үшінші орында тұр. Ал "Қайсар" оныншы орында қала берді (4 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×