«Каспий» мен «Қайрат» тең тарқасты

14.04.2021, 23:08
Ойында екі голдан бөлек, қызыл қағазға да куә болдық.
«Каспий» мен «Қайрат» тең тарқасты

"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында "Қайратпен" кездесті. Матч Ақтаудағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 32-минутында "Каспий" клубының жартылай қорғаушысы Руслан Мингазов есеп ашты. Ал 37-минутта Айбол Әбікен екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Дегенмен, араға төрт минут салып, "Қайраттың" қорғаушысы Денис Поляков таразы басын теңетірді.

Бір ұпайды қанағат тұтқан ақтаулық клуб тоғызыншы орынға жайғасты (5 ұпай). Ал 11 ұпайы бар ел чемпиондары екінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×