«Атырау» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

29.04.2021, 02:50
«Атырау» турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты.
«Атырау» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

"Тұран" Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры аясында "Атырау" клубын қабылдады. Кездесу "Түркістан Арена" стадионында өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

"Атырау" жылдам гол соғып, есеп ашты. Ойынның 2-минутында қорғаушы Дмитрий Гузь ерекшеленді. Бұл оның осы маусымдағы екінші голы болды. Бірінші таймның қосымша уақытында Олжас Керімжанов жауапты голды соқты. Матчтың 79-минутында "Тұран" қақпасына пенальти белгіленді. Жиан Мартинс бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Қатарынан екінші матчта жеңіс тойын тойлаған "Атырау" 8 ұпаймен оныншы орынға көтерілді. Қоржынында небәрі 3 ұпайы бар түркістандық клуб он үшінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×