«Тараз» «Ақтөбені» еш қиындықсыз жеңді

29.04.2021, 00:50
«Ақтөбе» қатарынан үшінші матчта жеңіліске ұшырады.
«Тараз» «Ақтөбені» еш қиындықсыз жеңді

Жамбылдық "Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры қарсаңында "Ақтөбемен" кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Вардан Минасян шәкірттері матч бастала салысымен ойынды өз бақылауларына алды. 11-минутта Бауыржан Байтана ойындағы алғашқы голды соқты. Бес минуттан кейін Эуженио пенальтиді сәтті орындап, есепті еселеді. 55-минутта Дінмұхаммед Қараман командасының үшінші голын соқты. "Ақтөбе" сапында 74-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Игорь Сергеев көзге түсті.

Жамбылдық клуб бұл жеңістен кейін 17 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 9 ұпайы бар Алексей Бага шәкірттері тоғызыншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×