Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Атырау" клубының тізіміне тағы бір бразилиялық футболшы қосылады. Бұл - 26 жастағы орталық шабуылшы Аллеф де Андраде Родригес.
Аллеф соңғы 2 жыл бойы ФНЛ-де калининградтық "Балтика" сапында ойнады және оған дейін Бразилия мен Португалияның танымал емес клубтарының намысын қорғады. Ол осы маусым барысында РПЛ-ден жаңа клуб табуға тырысты, бірақ "Нижний Новгород" командасына сәйкес келмеді. Шабуылшы Ресейде бас-аяғы 43 матч өткізіп, 15 гол соққан екен.
"Атырауда" Аллеф бразилиялық төртінші ойыншы болмақ. Қазір "мұнайшылар" сапында қорғаушы Брайан Силва, жартылай қорғаушылар Алекс Бруно мен Жиан Мартинс өнер көрсетуде.