«Атырау» жанкүйерлері клуб басшылығының қызметтен кетуін талап етуде

29.09.2021, 19:04
«Тобылға» қарсы матчта жанкүйерлердің шыдамы таусылды.
«Атырау» жанкүйерлері клуб басшылығының қызметтен кетуін талап етуде

«Атырау» жанкүйерлері команданың осы маусымдағы нәтижесіне байланысты басшылықтың қызметтен кетуін талап етуде, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Соңғы екі жыл бойы «Атырау» футбол клубы турнирлік кестенің соңғы сатыларына жайғауда. Жанкүйерлер нашар ойынға клуб басшылығын кінәлап, қызметінен кетуін талап етті.

Одан бөлек, жергілікті жанкүйерлер сенімгерлік басқаруды алып тастап, клубтың облыстың қарамағына өтуін және де легионерлермен қош айтысып, жергілікті ойыншыларға мүмкіндік беруін қалап отыр.

Айта кетейік, «Атырау» клубы соңғы 11 матч бойы жеңіске жете алмауда (7 жеңіліс, 4 тең ойын). Соңғы рет 23 маусым күні «Жетісудан» басым түсті (1:2). Команда ел біріншілігінде 26 ұпаймен оныншы орында тұр және Қазақстан Кубогінің топтық кезеңінен шыға алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×