
«Атырау» клубының жартылай қорғаушысы Заза Цицквишкили ҚПЛ-дің 9-турында «Жетісуға» қарсы ойын туралы пікірін айтты 1:1.
Айта кетейік, грузиялық футболшы осы ойында әдемі гол салып, «мұнайшыларды» кезекті жеңілістен құтқарып қалған болатын.
«Біріншіден, соңғы минутта осындай әдемі гол салу мен үшін өте қуанышты. Біз жеңіске жетуге лайық болдық деп ойлаймын, бірақ сәттілік жетіспеді. Енді ең алдымен біз келесі ойындар жайлы ойлап, соларға мейлінше дұрыс дайындалуға тиіспіз. Клуб үшін ауыр кезеңде қолдауын аямаған жанкүйерлерге зор алғыс. Сәтсіздікке ұшырап, көп ұпай жоғалтсақ та, жанкүйерлеріміз бізге сенім артуын тоқтатпады. Сол себепті біз оларды өз жетістіктерімізбен және жеңістерімізбен қуантуымыз керек. Футболда жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Біз қиын кезеңнен бәріміз бірге өтіп, жанкүйерлерімізге тек жеңіс сыйлаймыз деп үміттенемін.
Заза Цицквишкили «Атырауға» жыл басында қосылған. Оған дейін 29 жасар жартылай қорғаушы отанында «Гагра», «Иберия 1999», «Сиони» және «Телави» сынды бірқатар клубтардың намысын қорғаған. Сондай-ақ, 21/22-жылғы маусымда «Ақтөбе» жейдесінде өнер көрсеткенін де қоса кету керек. «Атырау» премьер-лиганың 9 турынан кейін 4 ұпаймен 13-орынға жайғасқан. Келесі турда «Қайсарды» қабылдайды. Бұл ойын 25-мамырға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET