Премьер-лигада ең аз cоғылған голдар: 9-турдың статистикалық көрсеткіштері

19.05.2025, 15:06

17-18 мамыр күндері Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымындағы 9-тур ойындары өтті.

Премьер-лигада ең аз cоғылған голдар: 9-турдың статистикалық көрсеткіштері

Барлығы 6 матчта небәрі 10 гол соғылды. Бұл маусымдағы ең төмен көрсеткіш. Сонымен қатар, тур аясында төрешілер 26 сары қағаз көрсетілді. Оның 9-ы «Оқжетпес» пен «Ақтөбе» арасындағы тартысты кездесуде тіркелді.

Тур матчтарын стадиондардан 23 550 жанкүйер тамашалады. Ең көп көрермен жиналған ойын – «Елімай» мен «Қайрат» арасындағы кездесу болды (8 300 адам).

Алаңға шыққан 176 футболшының 105-і отандық ойыншылар болды. Нақтырақ айтқанда, олардың 71-і негізгі құрамда, ал 34-і қосалқы құрамнан шықты.

Бұл турда бірқатар маңызды оқиғалар тіркелді:

  • Маусымда алғаш рет Премьер-лигада жеңіліссіз клуб қалмады. Бұған дейін бірде-бір матчта ұтылмаған «Қайрат» «Елімайдан» жеңіліп, алғашқы жеңілісін тіркеді.
  • «Атырау» клубы қатарынан тоғыз ойынға созылған жеңіліс сериясын тоқтатты.
  • «Ақтөбе» бір апта ішінде үш матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
  • «Жеңіс» пен «Қызылжар» арасындағы ойында жанкүйерлер қақпаға бағытталған жалғыз ғана тура соққыны тамашалады.
  • «Оқжетпес» бұл турда қақпаға ең көп – 7 соққы бағыттап, соған қарамастан 3 гол жіберіп, жеңіліп қалды.

Гол авторларының елдер бойынша бөлінісі:

  • Қазақстан – 5
  • Гаити – 2
  • Албания – 1
  • Ресей – 1
  • Грузия – 1

9-тур ойындарының нәтижелері:

  • «Оқжетпес» – «Ақтөбе» – 1:3
  • «Атырау» – «Жетісу» – 1:1
  • «Ұлытау» – «Астана» – 0:2
  • «Жеңіс» – «Қызылжар» – 0:0
  • «Қайсар» – «Тұран» – 1:0
  • «Елімай» – «Қайрат» – 1:0
  • «Тобыл» – «Ордабасы» кездесуі кейінге шегерілді

Келесі тур ойындары 24-25 мамыр күндері өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×