
Андрей Карпович «Қайратқа» қарсы кездесуді қортындылап, футболшылар мен жанкүйерлерге алғысын жеткізді.
ҚПЛ-дің 9-турында «Елімай» «Қайраттан» 1:0-мен басым түскен. Иван Свиридовтың жалғыз голы «Елімайға» үш ұпай сыйлаған.
«Жанкүйерлермен ойын алдында кездесу ұйымдастырғанымыз пайдалы болды деп ойлаймын – футболшыларға көптеген эмоциялар сыйлады, жігерлерін жаныды. Күрделі кезеңге қарамастан бізді жанкүйерлер қолдауын жалғастыруда. Бұл қосымша мотивация беруде. Жігіттерге осы ойынға деген дайындығы, талпынысы мен жеңіске құштарлығы үшін рахмет айтқым келеді. Оларға дәл осылай ойнайтын болсақ, бізге ешкім қорқынышты емес дедім. Ал бұл дәл қазір мықты, Қазақстан намысын Чемпиондар Лигасында қорғайтын команда екенін ерекше атап өткім келеді. Сондықтан, осы жеңіске қатты қуаныштымыз. Барлығын құттықтаймын, жанкүйерлерге осындай атмосфера жасағандарына үлкен алғыс!», - деді А. Карпович клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
«Елімай» осы жеңісінің арқасында сәтсіз сериясына нүкте қойып (Ақтөбе, Оқжетпес және Кубоктік кездесуде Қызыл-Жардан ұтылды) турнирлік кестедегі жағдайын түзеді. 9 турдан кейін семейлік клуб 16 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. Келесі жолы Андрей Карповичтің шәкірттері 25-мамырда «Қызыл-Жарға» қарсы кездесу өткізбек.
Біздің серіктес: FONBET