
Футболдағы ең беделді марапат саналатын «Алтын доп» (Ballon d'Or) 69-шы салтанатты рәсімі 22 қыркүйек күні Париж қаласындағы әйгілі «Шатле» театрында өтетін болды.
UEFA мен France Football және L’Équipe басылымдарының иесі — Groupe Amaury компаниясы бұл маңызды шараны бірлесе ұйымдастыру үшін былтырдан бастап біріккен.
2025 жылғы марапаттау рәсімінде дәстүрлі жүлделермен қатар, әйел футболшыларға арналған үш жаңа номинация енгізілді.
«Алтын доп» (Ballon d’Or) — үздік ер және әйел футболшы;
«Копа трофейі» (Kopa Trophy) — үздік жас ер және әйел ойыншы;
«Яшин трофейі» (Yashin Trophy) — үздік ер және әйел қақпашы;
«Герд Мюллер трофейі» (Gerd Müller Trophy) — клуб немесе ұлттық құрама сапындағы үздік ер және әйел сұрмерген;
«Йохан Кройф трофейі» (Johan Cruyff Trophy) — клуб немесе ұлттық құрамадағы үздік ер және әйел жаттықтырушы;
«Жыл клубы» (Club of the Year) — ерлер және әйелдер командалары үшін;
«Сократес сыйлығы» (Socrates Award) — L’Équipe тобы мен Peace and Sport ұйымы тарапынан қоғамдық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік танытқан спортшыларға беріледі.
Біздің серіктес: FONBET