
Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 6-турында «Ақтөбе» командасы қарсылас қақпасына жауапсыз 19 гол соқты.
Ақтөбелік футболшылар биылғы маусымда ерекше қарқынмен өнер көрсетіп келеді. Команда бұл жолы да жанкүйерлерін таңғалдырып, «Атырау» командасын 19:0 есебімен ойсырата жеңді.
Маусым басталғалы бес кездесуде төрт жеңіс және бір тең нәтиже көрсеткен ақтөбеліктер қарсыластарының қақпасына барлығы 55 гол соқты. Қорғаныста да берік. Небәрі 2 гол ғана жіберген.
Біздің серіктес: FONBET