ҚФФ делегациясы Парагвайға барды

19.05.2025, 22:30

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) делегациясы Парагвай астанасы Асунсьонда өткен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (ФИФА) кезекті конгресіне қатысты.

ҚФФ делегациясы Парагвайға барды

Қазақстан атынан конгреске ҚФФ Бас хатшысы Давид Лория және ҚФФ кәсіби лигалар дирекциясының басшысы Бахытжан Пазылхайыр қатысты.

Бұл жиын Парагвай футбол қауымдастығының ФИФА-ға мүше болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2027 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мен 2030 жылғы ерлер арасындағы әлем біріншілігіне дайындық жұмыстарының бастауы ретінде қарастырылды. Айта кетейік, 2030 жылғы чемпионат алғашқы әлем чемпионатының 100 жылдығына орай өтеді.

Конгресс күн тәртібі

Конгресс барысында 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған бюджет пен қаржылық есеп бекітілді. ФИФА президенті Джанни Инфантино нәсілшілдікпен күрес мәселесіне ерекше тоқталып, дискриминацияға қарсы бастамаларды қолдаған барлық мүше елдерге алғыс білдірді.

Жиын аясында ерекше назар ФИФА-ның клубтар арасындағы әлем чемпионатына аударылды. Жаңа форматтағы турнир 2025 жылғы 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді. Оған әлемнің әр құрлығынан 32 үздік клуб қатысады. Турнирдің жалпы сыйақы қоры — рекордтық 1 миллиард долларды құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×