
Пеп Гвардиола Кевин Де Брюйнені өзінің жұмыс істеген ойыншылары арасындағы пас беруден екінші үздік ойыншы деп атады. Бірінші орында –Лионель Месси.
"Біріншісі – (Лионель) Месси. Ал қалған екеуін… ойланайын… Жарайды, Кевинді екінші орынға қояйын. Месси – мен көрген ең үздік. Ол қақпаға өте жақын ойнап, керемет пас беретін. Бірақ Кевин де соған жақын. Оның статистикасы, голдары, ассисттері – барлығы командаға шабуылда үлкен үлес қосады. Кевин – ерекше талант. Сондықтан да ол клуб тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі болып қалады."
33 жастағы Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне маусым аяқталған соң “Манчестер Ситиден кетеді.
Пеп Гвардиоладан Де Брюйненің орнын басу қиын бола ма деп сұрағанда, ол:
"Иә, кей ойыншылар бар – оларды алмастыру өте қиын. Кевин – сондай ойыншы.” – деп жауап берді.
Біздің серіктес: FONBET