Аустриямен ойнайтын Қазақстан командасының құрамы белгілі болды

01.10.2012, 20:46
Аустриямен ойнайтын Қазақстан командасының құрамы белгілі болды

АСТАНА. 1 қазан. Baq.kz. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек Әлем чемпионаты-2014 іріктеу турнирінің матчтары аясында «Қазақстан-Австрия» (12 қазан) және «Австрия-Қазақстан» (16 қазан) кездесуіндегі футболшылар қатарын жасақтады. 

Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр. Сонымен Қазақстан құрамасының құрамы: Қақпашылар: Антон Цирин («Ақжайык» Орал), Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды) Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Михаил Рожков («Астана»), Марк Гурман («Қайрат» Алматы), Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы» Шымкент), Александр Киров («Шахтер» Қарағанды), Виктор Дмитренко («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе») Жартылай қорғаушылар: Ұлан Қонысбаев («Астана»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Коробкин («Астана»), Хайнрих Шмидтгаль («Гройтер Фюрт» Фюрт, Германия), Дмитрий Шомко («Ертіс» Павлодар), Павел Шабалин («Ертіс» Павлодар), Бауыржан Исламхан («Тараз»), Анатолий Богданов («Тобыл» Қостанай), Бауыржан Джолчиев («Тобыл» Қостанай), Азат Нургалиев («Сұңкар» Қаскелен), Марат Шахметов («Астана») Шабуылшылар: Дауренбек Тәжімбетов («Ордабасы» Шымкент), Сергей Остапенко («Астана»), Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Гридин («Шахтер» Қарағанды) Қазақстандық команда оқу-жаттығу шараларын 5-9 қазан аралығында Талғардағы ұлттық құрамалар базасында өткізеді. Ал 10 қазаннан бастап дайындықты Астанада жалғастырады. Айта кетейік, «Қазақстан-Австрия» матчы 12 қазанда елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы 22:00-де. Ал 15 қазанда команда Австрияға аттанады. Автор: Руслан Ғаббасов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
"Астана", "Ертіс", "Шахтер"...
Келесі жаңалық
Сатқын
Серіктес жаңалықтары
×