Австралия мен Жапония финалға шықты

27.01.2011, 22:33
Австралия мен Жапония финалға шықты

Футболдан Катарда өтiп жатқан Азия кубогы осы аптада мәресiне жетедi. Сейсенбi күнi жартылай финалға шыққан төрт ко­манданың арасында Азия кубогының финалына шық­қан қос команда анық­талды.

Алғашқы жартылай финалдық кездесуде Оң­түстiк Корея мен Жапония құрамалары кездестi. Бұл ойында Күншығыс елi аяқдопшыларының мерейi үстем болды. Ойынның негiзгi уақыты 1:1 есебiмен тең аяқталды. Төрешi қосқан қосымша отыз минутта жапон футбол­шылары бiр доп соғып, алға шығып едi, алайда кәрiстер кездесудiң соңғы мину­тында таразы басын тең­естiрдi. Осылайша, коман­далар жеңiмпазды анықтау үшiн он бiр метрлiк айып добына жүгiндi. Мұнда жапон қақпашысы Эйдзи Кавасима жанкештiлiк танытты. Кәрiстердiң бiр емес, екi бiрдей добын қайтарған Кавасима кез­десудiң бас қаһарманы атанды.
Екiншi жартылай фи­нал­дық кездесуде Авс­тралия футболшылары Өзбекстан құрамасын айқын басымдықпен ұтты: 6:0. Бұл ойында Өзбек­станның негiзгi қақ­пашысы Игнатий Нестерев пен тәжiрибелi шабуылшы Александр Генрих жа­рақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Есеп 3:0-ге жеткенде Өзбекстан құрамасының шабуыл­шысы Ұлықбек Бақаев екiншi ескертуiне байла­нысты алаңнан қуылды. Он футболшысымен қалған өзбектер қалған уақытта өз қақпаларына тағы үш доп жiбердi. Ертең Өзбекстан құрамасы Оңтүстiк Корея футболшыларымен қола жүлденiң иесiн анықтайды. 29 қаңтарда Жапония мен Австралия футболшылары Азия кубогының бас жүл­десiн сарапқа салады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×