Қош келдің қайта Самат, Қазақияны самғат!

28.01.2011, 18:08
Қош келдің қайта Самат, Қазақияны самғат!
239
Бас бапкеріміз әлі жоқ. Бірақ  ҚФФ  оған бас ауыртпайды. Түркияға кімнің баратындығын, Беларусь құрамасымен кімдердің өнер көрсету мүмкіндігін анықтап та қойыпты біздің басшылық . Қуан жанкүйер. Самат Сымақов оралды құрамаға.  Давид Лория да сапқа  қосылды қайта.
Ертен  Қазақстан құрамасы Түркияға оқу-жаттығу жұмыстарына кетеді.  Ол жерде , дәлірек айтсақ Анталияда ел құрамасы ақпан айының 1-і мен 10-ы аралығында болады. 9 ақпан күні сол жерде Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Қақпашылар: Андрей Сидельников, Александр Мокин, Давид Лория;
Қорғаушылар : Кайрат Нұрдаулетов, Михаил Рожков, Фархадбек Ірісметов, Самат Сымақов, Александр Кислицин, Владислав Чернышов, Александр Киров, Антон Чичулин, Ренат Абдулин; Жартылай қорғаушылар: Андрей Карпович, Казбек Гетериев, Азат Нұрғалиев, Ұлан Қонысбаев, Аслан Дарабаев, Максим Азовский, Дмитрий Шомко, Серікжан Мужиков, Сергей Скорых, Евгений Аверченко; Шабуылшылар: Нұрбол Жұмасқалиев, Сергей Хижниченко, Сергей Остапенко, Андрей Финонченко.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×