Аяғына доп байланған қара бала

24.11.2010, 21:00
Аяғына доп байланған қара бала
Бүгiн – футбол сүйер қауымның көзайымына айналған Марадона 50 жасқа толып отыр. «Шама бойынша әрбiр жиырма жылда бiр рет әлемде атақты бiр футболшы жарыққа шығады екен. Бұрын ол Бразилияның  ұлы ойыншысы Пеле едi. Одан соң келесi бiр мықты ойыншы туды. Ол – аргентиналық Диего Марадона». Осыдан жиырма жыл бұрын ағылшындық белгiлi басылым «Санди Таймс» газетi Марадона туралы осылай айқайлап жазған едi. Мыңжылдықтар тоғысында халықаралық ФИФА ұйымы интернет арқылы «ХХ ғасырдың үздiк футболшысы кiм?» деген тақырыпта жанкүйерлер арасында сауалнама жүргiзiп, көрермендердiң ең көп дауысын Марадона иеленген болатын. Осылайша Аргентинаның аяқ доп шеберi Диего Армандо Марадона ХХ ғасырдың ең үздiк ойыншысы ретiнде Пеледен кейiнгi екiншi орынды иелендi. Ол содан берi бұл орынды ешкiмге берген емес. Футбол тарихына өз атын алтын әрiптермен жазып қалдырған Марадона ресми 632 ойынға қатысып, 318 доп соғыпты. 1986 жылы «Алтын», 1990 жылы «Қола» доптың жеңiмпазы атанған ол Оңтүстiк Американың алты дүркiн, Аргентинаның бес дүркiн, үздiк футболшысы атағын иеленген. Марадона сонымен бiрге Испанияның, Италияның, УЕФА-ның үздiк  кубогының да жеңiмпазы. Аргентиналық Футбол федерациясының шешiмiмен бұдан былай ұлттық құрама сапынан 10 нөмiрлi ойыншыны белгiлемеу жөнiнде ұйғарым жасалған. Бұл әлемдегi әзiрше жалғыз ұйғарым. Диего Армандо Марадона 1960 жылы 30-қазанда Буэнос-Айрес провинциясы маңындағы Фьорито ауылында кедей отбасында дүниеге келген. Диегоның футбол ойынына деген құмарлығы оның 6 жасқа толу мерекесiне орай туған ағасы Бетоның өзiне былғары доп сыйлауынан басталыпты. Мектепте оқып жүргенде Диего төменгi сынып оқушыларынан құралған топқа қабылданады. 14 жасқа толғанда футбол үшiн мектеппен қоштасып, «Хуниорс» командасымен шартқа отырады. Ал 16 жасында кәсiби ойыншы ретiнде ересектермен бiрге алаңға шығып, тамаша ойын көрсетедi. Диего өзiнiң Аргентина құрамасы сапындағы тұңғыш матчқа 1977 жылы 27-ақпанда Буэнос-Айрес қаласында Венгрия құрамасымен болған ойынға қатысады. Бұл ойында аргентиналық белгiлi клуб «Бока Хуниорс» Диегоға сол кездегi бас айналдырар қаржы саналатын 3,6 миллион долларды санап берiп, оны клубқа матап тастаудың жолын iздестiредi. Алайда, араға 1 жыл салып, 1982 жылы Испанияның «Барселено» командасы Марадонаны 5 миллион долларға сатып алады. Кейiн Диегоның жарақат алуы, журналистермен түрлi айтыстарға баруы, және клуб басшыларымен әсiресе, Аргентиналық өзiне белгiлi бапкер Меноттимен араздасуы оның клубтан кетуiне әкелiп соғады. Осыдан соң, ол италияндық «Наполи» командасымен келiсiм-шартқа отырады. Жаңа клуб Марадонаны 7 миллионға бағалап, өзiне 700 мың доллар бiрден төлеп бередi. Неаполда Марадонаны құдайдай құрмет тұтады. Марадонаның командаға келуiмен клуб 1987 жылы Италия кубогын, 1989 жылы УЕФА кубогын, 1990 жылы Италияның супер кубогын жеңiп алады. Команда бұған дейiн 60 жыл бойы Еуропада немесе Италияда бiрде-бiр жеңiмпаз атанып көрмеген екен. * Диего 7 жасында допты ұршықша үйiрiп, басымен, кеудесiмен, тобығымен қағып, жарты сағат бойы жерге түсiрмейдi екен. * 9 жасында «Лос Себоллитос» атты жасөспiрiмдер командасына қабылданып, 140 рет жеңiске жеткен. * 14 жасында футболға басыбайлы байланып мектеппен қош айтысқан. * 15 жасында «Хуниорс» командасымен шартқа отырған. * 16 жасында Аргентина құрамасына қабылданып, сол жылы Венгрия командасымен болған ойынға қатысады. * 18 жасында Жапонияда өткен жастар арасындағы әлем бiрiншiлiгiнде чемпион атанады. Осы бiрiншiлiкте ең үздiк ойыншы болып танылады. * 19 жасында Оңтүстiк Американың үздiк ойыншысы атанады. * 1990 жылғы әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi. Әлем чемпионы. * Марадона Аргентина құрамасының сапында 91 матч өткiзiп, 34 гол соққан. Атақты футболшының Аргентина құрамасының сапындағы ерлiктерiн еске алсақ, есiмiзге ең алдымен 1989 жылғы әлем бiрiншiлiгi оралады. Бұл бiрiншiлiкте Марадона Аргентина құрамасының нағыз серкесi атанады. Қарсыластар қақпасына бес доп соғып, Аргентинаның екiншi рет әлем чемпионы атануына өлшеусiз үлес қосады. Ширек финалдағы Аргентина – Англия ойынында Марадона алғашқы допты қарсыластар қақпасына қолымен енгiзедi. Кейiн журналистермен болған кездесуде оны өзi де мойындап: «Мен оны әдейi iстеген жоқпын. Өз-өзiнен солай болды. Әуелеген допты баспен соға алмайтыным белгiлi едi. Өйткенi, Англия құрамасының қақпашысы Питер Шилтонның бойы менен өте биiк болатын. Екеумiз қатар секiргенде мен допқа қолыммен «көмектесiп» жiбердiм. Бұл менiң қолым емес, «Құдайдың қолы» дейдi әйгiлi футболшы. Сол кездегi Марадонаның екiншi голын жанкүйерлер әлi күнге «ең үздiк гол» деп санап жүр. Сол тұста алаңның екiншi тұсында жүрген төрешi ештеңе байқап үлгермептi. Ең қызығы, сол, доп қақпа торында тулап жатса да Марадонаның командаластары оны құттықтауға жүгiрудiң орнына, тұрған орындарында оны төрешi есепке алмас деген сенiммен тұра берiптi. Бұл туралы атақты футболшы кейiн тағы бiр сырын ашып бердi. «Мен командаластарымның жүгiрiп келiп құттықтап, менi құшақтарына алуларын күттiм. Бiрақ, ешкiм де жаныма келмедi. Амалсыз оларды өзiмнiң қасыма шақыруға, егер қуаныштарын бiлдiрмесе, төрешi қулығымды сезiп қоюы мүмкiн екенiн сездiруiме тура келдi. Тiптi, әрiптестерiмнiң «бiз бұл жеңiсту ұрлап алдық қой» дегiлерi келгендей болып көрiндi. Бiрақ, мен оларға «кiмде-кiм ұрлықшыны тонаса, сол жүз жыл бойы кешiрiледi» дедiм дейдi Марадона сол күндердi еске алып. Аяқдоп шеберiнiң бұл айтқандары ашу-ызадан айтылғанын сол тұста көпшiлiк түсiне қоймады. Оған себеп, әлем бiрiншiлiгi өтерден 4 жыл бұрын Аргентина мен Англия арасында Фолькленд аралдары үшiн кикiлжiң туып, екi ел арасында қарулы қақтығыс болған едi. Кiсi өлiмдерiне әкелiп соққан соғыста арал Англияның қарамағына өткен болатын. Сол ойында Аргентина азулы Англия құрамасын 2:1 есебiмен ұтып, жартылай финалға шығып, одан әрi әлем чемпионы атанған-ды. 1990 жылы Марадона бастаған Аргентина құрамасы әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi атанды. Дәл осы жылы оның өмiрiнде күрт өзгерiстерге толы аласапыранды жылдар басталды. «Наполи» командасындағы қызықты күндердiң  «ыстығы» басылып, айнала қара түнекке айнала бастайды. Адамға еркiнен тыс, бас айналдырар бақыттың да кейде керi әсерiн тигiзетiн кездерi болады. Бас еркiндiгiнiң болмауы, үнемi бақылауда жүрiп, iс-қимыл әрекетiңнiң өзi полицияның сiлтеуiмен жүзеге асуы доп перiсiн тұтқынға алғандай әсер бередi. Өзiне еркiндiк қалаған Диего егер «Наполи» ел бiрiншiлiгiнде чемпион атанса, бас еркiндiгiн беретiнi жөнiнде Ферлаино клубының президентiнiң уәдесiн есiне салады. Бұл екi арада француздық «Марсель» клубының президентi Бернар Гапиа Марадонаға өзi қалаған қаржысын жазып алу үшiн арнайы чек кiтапшасын ұсынады. Соңғы жылдары еуропалық клубтар тарапынан оған деген «шабуылдар» көптеп түсiп жататын. Бұл жөнiнде ол былай дейдi «Фарлаино менi жiбергiсi келмеген соң, менiң оған үзiлдi-кесiлдi өз пiкiрiмдi ашық бiлдiруiме тура келдi. Мен өзiм берген уәдемдi орындадым, сондықтан, маған еркiндiгiмдi берсеңiз болар едi» дедiм. «Жо, жоқ, мен сенi сатпаймын, егер шаршасаңыз, ұзақ демалысқа жiберейiн» дедi ол. Бұл демалыс Марадона үшiн еркiндiктiң басы болатын. 1990 жылғы Италиядағы әлем бiрiншiлiгiнде Диего Аргентина құрамасының сапында жасыл алаңға шықты. КСРО құрамасымен болған ойында ол екiншi рет «Құдайдың қолымен» қақпа алдындағы сызықтан допты алаң сыртына қағып жiбередi. Бұл жолы да төрешi байқамай қалды. Ал, бразилиялықтармен болған ойында аргентиналық лидер қарсыластардың екi ойыншысын алдап өтiп, өз командаласы Каниджаға пас тастауы ойын тағдырын шешiп бередi. Каниджаның қарсыластар қақпасына салған осы добынан кейiн, олардың қуаныштан тамақтарына белгi салғанша сүйiсулерi, көпшiлiк арасында оларды гомосексуалистер деген пиғыл қалыптастырады. Оның үстiне Каниджаның бұрынғы әйелi өз күйеуiнiң өзiн Диегомен алмастырып кеткендiгi жөнiнде теледидардан хабар таратуы отқа май құя түседi. Осы бiрiншiлiкте Аргентина құрамасы ФРГ машинасынан пенальти соғудан жеңiлiп қалады. Бiрiншiлiк ойынында Италия құрамасын жарыс алаңынан шығарып жiберген Аргентина командасының немiстерден ұтылуын тiлеген Апенин жартыаралының қызуқанды жанкүйерлерi Марадонаны №1 жауы ретiнде қабылдайды. 1990 жылы оның өмiрiне сәт сайын қауiп төнедi. Неополитандық мафияның тырнағына iлiнiп, күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан айрылады. «Италияда бiр кездерi менi бәрi құшағына алса, қазiр жеккөредi. Мен өзiмше өмiр сүргiм келедi, бiрақ олар оны қаламайды» дейдi ол солбiр күндердi еске алып. Осыдан кейiн атақты футболшы iшкi тәртiптi бұза бастайды. Жаттығуға баруы жиiлейдi, ойындарды да жiбередi. Клуб басшылығы сабазына түссiн деп 40 пайыз айлық жалақысын да кеседi. 1991 жылдың 29-наурызында Марадонаның өмiрi күрт өзгерiске түседi. Ойын соңынан кейiнгi тексерiстен соң, оның қан құрамынан шамадан тыс кокаин табылады. Диего iшкi жан күйзелiсiнен соң, өзiнiң есiрткi қабылдағанын мойындайды. Есiрткiге ерте елiткенiн де жасырмайды. Ол туралы аргентинаның «Хенте» журналына берген сұхбатында: «Бүкiл әлем үшiн мен мәңгiлiк нашақор болып қала беремiн. Түсiнуiмiз керек, менiң өмiрiмде жоғары биiкке көтерiлумен бiрге көптеген жағымсыз қылықтар да болды. Оған қарсылық көрсету иммунитетiм әлсiз болды... Мен алғашқы рет 22 жасымда есiрткi тартуды үйрендiм. Өзiмдi күштi сезiнгiм келдi. Алайда, мұның бәрi бос әуре екенiн кейiн сезiндiм, есiрткi адамды күштi етпей, адамды құрдымға жiбередi екен» деген едi. Диего есiрткiнiң адам өмiрiне тигiзер зиянын бiлсе де, оған бiрнеше рет саналы түрде өзi барады. «Менiң атақты футболшы атануыма кокаиннiң игi ықпалы тидi деушiлер бар. Бұл ретте олар жаңылысады, кокаиндi тартып алып, ойнау мүмкiн емес. Менiң талантымның оған қатысы жоқ. Керiсiнше, есiрткi тартып алып алаңда жүргенiмде доп менiң еркiме бағынбады, миым команда берiп тұрса да денем оның ырқына көнбедi». Марадона есiрткi сақтағаны үшiн бiрнеше рет жауапқа да тартылады. 1994 жылы Америкада өткен Әлем бiрiншiлiгi алдында ендi есiрткiге жоласам, жолым кесiлсiн деп ант-су iшкен кездерi де болады. Сол сәт екен, алаңға шығар алдында допинг-сынама тапсырғанда Диегоның дәретiнен эфедрин препараты қабылдағаны анықталады. Осыдан соң Марадона 15 айға алаңнан қуылады. Ол – шын мәнiнде футболсыз өмiр сүре алмайтын едi, бiрақ басқаша өмiр сүру де мүмкiн емес болатын. Сондықтан, Марадона 1996 жылы есiрткiсiз өмiр сүре алмайтынын ашық мойындайды. Бiрнеше рет жүрек талмасымен ауырып, естен танып қалған кездер де болды. Өзiн бапкерлiк жолда сынамақ болып, «Мандия», «Расинг» клубтарын жаттықтырған болды. 1995 жылы қайтадан майкiсiн киiп, алаңға шығыды. 1997 жылы Аргентина президентi Карлос Менемнiң шақыруымен «Бока Хуниорс» клубына қайтып оралады. Оның әрбiр алаңға шығуына 50 мың доллар төлеу жөнiнде шарт жасалады. 1997 жылы 30-қазанда Марадона өзiнiң 37 жасында футболмен қоштасады. Осыған орай Буэнос-Айресте Аргентина құрамасымен «Әлем жұлдыздарының» кездесу ойыны өткiзiледi. Марадонаның командасы жұлдыздарды 6:3 есебiмен ұтып, осы ойында Диегоның өзi екi доп салады. Футболды қойған соң, Диегоны ауру меңдеп алды. Қозғалыс қимылының әлсiреуiнен оны салмақ басып кеттi. Бойының бар-жоғы 1,68 метр болуына қарамастан, салмағы 121 килограммға жетiп жығылды. Түрлi клиникаларда ем-дом қабылдады, артық салмақтан арылды. Сол кездерi Диего 50 кг. салмақты артқа тастады. Оның әсiресе, журналистермен тiл табысуы өте қиынға соқты, төбелесiп қол жұмсауға дейiн барды. Әйтсе де, журналистер әлем жұлдызының еркелiгiн көтере бiлдi. Жамандығын жасырып, жақсылығын асырды. Атақты футболшының 1994 жылғы АҚШ-тағы әлем бiрiншiлiгi кезiнде де қан құрамынан есiрткi қоздырғыштары табылып, ойыннан шеттетiледi. Содан кейiн, ол алаңда бұрынғыдай жарқырай алмайды. Есiрткiге тәуелдiлiктен ем-дом да қабылдайды. Бiрнеше рет жүрегiнен инфаркт та алады. Ойын басқа арнаға бұру үшiн телеарналарда апталық шолу да жүргiзедi. Марадона өзiнiң тұңғыш хабарына Пеленi, Батистутаны және Сабатинидi, Зиданды, Рональдоны шақырып, өзара сұхбат жүргiзедi. Оның даңқы әлемде әлi күнге дейiн бұрынғыдай беделге ие. Ол бұл туралы журналистерге: «Мен өз жүрегiмнiң қалауы бойынша әлi күнге дейiн өзiмдi нөмiрi 10-шы ойыншы ретiнде сезiнемiн» дейдi. Ал көрермендердiң: «Айтыңызшы, шын мәнiнде Пеле екеуiңiздiң қайсысыңыз футбол королiсiздер?» деген сұрағына: «Бiлмедiм, менiң анам менiң футбол королi  екендiгiмдi айтады. Ал, Пеле жайлы оның анасынан сұраңыздар» деп жауап беруден таңбай келедi. Қалай десек те, ол күнi бүгiнге дейiн Аргентинада Құдай саналады. Аргентиналық кез-келген адамнан: «Әлем халықтарының арасында ұлы футболшы кiм?» деп сұрап көрiңiзшi, сiз ойланбастан «Марадона!» деген жауап алатын болар едiңiз.

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.359
Ничья
5.45
П2
9.35
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.976
Ничья
3.91
П2
3.785
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.875
П2
3.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.508
Ничья
4.89
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.155
Ничья
3.585
П2
2.324
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.364
Ничья
3.85
П2
2.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.175
Ничья
3.785
П2
1.915
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.071
Ничья
16
П2
33
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.671
Ничья
4.53
П2
4.84
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.141
Ничья
9.8
П2
21
Aladop Youtube
×