Әлемдегі талантты ең жас 10 футболшы

26.11.2010, 17:34
Әлемдегі талантты ең жас 10 футболшы
Әлемдегі ең жас талантты футболшылар тізімі жарияланды. Тізімнің ең басында Аргентина құрамасы мен мадридтік Атлетиконың шабуылшысы Кун (Серхио) Агуэро тұр. Агуеро мен оның командасы Испания чемпионатында жақсы көрсеткіштерге жетті. Ол 2005 жылы «15 жасқа дейінгілер» арасында ең жас футболшы ретінде танылды. Екінші орын – Франция құрамасының және мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бенземаның еншісінде. Франциялық «Лион» клубының түлегі мықты екенін 1-дивизионда өнер көрсетіп жүргенде-ақ дәлелдеген. Лондондық «Арсеналдың» бапкері Арсен Венгер Бенземаның Франция футболындағы жаңа жұлдыз екенін айтады. Үшінші сатыға 7 жылда 960 гол соққан Боян Кркич орныққан. 2007 жылы 17 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионы атанды. Финалда Англия құрамасына соққан голы Испанияға жеңіс әкелді. Сол жылдан «Барса» сапына енген шабуылшы Чемпиондар Лигасының ең жас футболшысы саналды. Мексиканың жас таланты, «Барселона» мектебінің түлегі Джованни Дос Сантос төртінші орында орналасқан. Ойын мәнері, сырт келбеті бразилиялық жұлдыз Рональдиноға ұқсас плеймейкер жұрт назарын бірден өзіне аударды. 2005 жылы 17 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы атанды. Алғашқы бестікті бразилиялық футболшы Андерсон қорытындылап тұр. Өзінің үлкен футболдағы карьерасын «Гремио» жасөспірімдер құрамасында бастаған ол естен кетпес жеңіс голын соғып, жұрт назарына ілікті. Осыдан кейін «Порту» клубына ауысып, трансферлік айналыс кезінде «Манчестер Юнайтед» клубына 17 миллион фунт-стерлингке сатылды. «Арсеналдың» жас шабуылшысы Карлос Вела – алтыншы орында. 2005 жылы 17 жасқа дейінгілер арасындағы Әлем чемпионатында көп гол соғып танылған ол 3 жылын Испания азаматтығын алуға жұмсады. Допты аяғында иіретін, өте жылдам Вела тек өткір шабуыл өтінде ғана емес, ойын ұйымдастыра білу қабілетімен де тез танылды. Жетінші орын «Ньюкасл» шабуылшысы Хатем Бен Арфаға бұйырды. 2008 жылғы ЕУРО-2008 турнирінің іріктеу кезеңінде франциялық ардагер Давид Трезегені алмастырды. ммОл өзінің ойын мәнерімен, ұйымдастыру қабілетімен тағы бір француз Бенземаға қатты ұқсайды. Италиялық Дженоа клубының жартылай қорғаушысы Мигель Велозу сегізінші сатыда. Мигель өз өнерімен 21 жасқа дейінгілер арасындағы чемпионатында танылған болатын. Пас беру ісінің шебері, болашағынан үміт күттірер жастардың бірі. Велозудан бір саты төмен Райан Бабел орналасты. Ол өзінің үздік өнерімен, баспен жақсы ойнай білу шеберлігімен «Ливерпульдің» экс-тренері Рафаель Бенитестен оң баға алды. Ливерпульдегі алғашқы ойынын 2007 жылы 11 шілдеде «Астон Виллаға» қарсы өткізді. Оныншы орында бразилияның жұлдызы Алешандро Пато тұр. «Милан» басшылары Патоны «Сан-Сироға» алдыру үшін 16 миллион еуро жұмсаған. 2008 жылдан Россенерилер сапында өнер көрсете жүріп, «Милан» үшін маңызды голдар соқты.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ  “Нұр Астана”

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×