Голландияның қазіргі чемпионы Аякс 4 матчта да асығы алшысынан түспей екінші айналымды сәтсіз бастады.
20-шы турда Аякс Утрех аяқдошыларымен күш сынасты. Кездесудің 40-шы минутында Аякс қақпашысы Кеннет Вермеер қауіпті соққының бетін қайтаруға тырысқанымен Эдуард Дуплан есеп ашты. Қарсыластарының зәре құтын қашырған Дуплан Франка Демуждің пасын пайдаға жаратып 13 метрден бағыттаған добы қақпадан табылды. Бұл жеңілістен кейін Аякс 6-шы орынға сырғыды.
http://khabar.kz