Жыл спортшысы мен үздік команда анықталды

08.02.2012, 23:46
Жыл спортшысы мен үздік команда анықталды
  Новак Джокович - жыл спортшысы, ал «Барселона» - үздік командасы атанды. «Лорес Уорлдтың» марапаттау рәсімі Ұлыбритания астанасында ұйымдастырылды. Әлемнің бірінші ракеткасы былтыр «Австралиан Опен», «Уимблдон» және «ЮС Опен» турнирінде топ жарып, жалпы саны 10 миллион 600 мың АҚШ долларын жеңіп алды. Сол арқылы, 24 жастағы Сербия теннисшісінің жылдық табысы испандық Рафаэль Надальдің бюджетінен жарты миллионға асып түсті. Ал әйелдерден Кения желаяғы Вивиан Чуруйот «жылдың үздік атлеті» деп танылды. 28 жастағы стайер былтыр Тэгудегі әлем чемпионатында 5 мың және 10 мың метрде алтын алқаны олжалаған еді. Чемпиондар Лигасы мен Испания біріншілігінің жеңімпазы «Барселона» жыл командасы деп мойындалды. Тарихы 1999 жылдан бастау алатын бұл таңдауға 80 елдің журналистері қатысып, 6 номинация бойынша дауыс берді. Одан соң қазылар алқасы жасырын түрде сайлау өткізіп, мықтыларды анықтады. http://kaztrk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Аякс»-«Утрехт» 0:2
Келесі жаңалық
«Joca bonito», Рауан!
Серіктес жаңалықтары
×