Азамат Айтхожин: «Бастысы - Отан үшін күресіп, аянбау қажет»

08.10.2020, 16:58
Бүгін Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
Азамат Айтхожин: «Бастысы - Отан үшін күресіп, аянбау қажет»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин ұлттық құрама және жастар құрамасына алдағы матчтарда сәттілік тіледі:

- Еліміздің бас командасы Ұлттар лигасындағы үшінші матчын Албанияға қарсы өткізеді. Жақында ғана қарсылас Еуропа чемпионатының финалдық турнирінде ойнады және құрамында мықты еуропалық клубтардың бірқатар өкілдері бар. Қазақстан ұлттық құрамасы үшін алдағы ойын коронавирустық пандемияға қарамастан, ойыншылардың премьер-лигадағы ойын ырғағына еніп, қажетті ойын санын өткізе алғанын ескере отырып, өздерінің мүмкіндіктерін тексеретін тамаша сынақ болып табылады. Шетелде ойнайтын ұлттық құраманың ойыншылары өздерін жақсы жағынан көрсетеді деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, елдің ең жақсы ойыншыларынан құралған нағыз шайқасқа лайықты команда жиналды.

Өкінішке орай, Ұлттық құрама Бельгияда ойнайтын Ян Вороговскийден айырылды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен оған мықты денсаулық және алаңға тез оралуын тілеймін! Ян - бұл шынымен де қазақстандық команданың қазіргі нұсқасындағы өте маңызды тұлға.

Минскіде Беларуссияға қарсы жауапты матчтың болатынын ескерсек, ол бірінші матчтан кем түспейді. Мен бұл ойында қазақстандық ойыншылардың Алматыдағы жеңілістен кейін жанкүйерлер алдында өзін-өзі қалпына келтіру үшін бәрін жасайтынына күмәнім жоқ.

Мен, әсіресе, 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде өте сәтті өнер көрсетіп жүрген елдің жастар құрама командасына тоқталғым келеді. Солтүстік Македонияға қарсы үйдегі текетірестің оң нәтижесі топтағы екінші орын үшін күресте өз мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік береді. Біздің жігіттер сырт алаңда Испаниямен болатын ойында лайықты нәтижеге қол жеткізе алады деп сенемін. Біріншіден, Еуропа футболының болашақ жұлдыздарына қарсы ойнау - қазақстандықтар үшін жақсы сабақ болады. Егер біздің ойыншыларымыз дәл осылай жұмыс істей берсе және алаңда бар күштерін салса, олардың болашағы зор болады.

Қазір жастар құрамасына шынымен де өте талантты жастар жиналды, олар аянбай жұмыс жасап, көп ұзамай елдің басты командасына қосылады. Бұл үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Бахтиер Зайнутдинов, Нуралы Әліп, Ян Вороговский, Юрий Перцух, Айбол Әбікен, Максим Федин Қазақстан жастар құрамасында ойнады және қажырлы еңбегінің арқасында алға жылжыды.

Қазіргі U-21 командасының ойыншыларында да мүмкіндік бар, сондықтан ең бастысы - Отан үшін күресіп, аянбау қажет! Мен екі командаға табыс, ойыншылардың жарақат алмауын және әрине сәттілік тілеймін! Сіздер үшін бүкіл ел жанкүйер болады! Алға, Қазақстан!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×