Владимир Чебурин: «Чемпиондық үшін күрес әлі аяқталған жоқ»

08.10.2020, 17:22
Владимир Чебурин: «Чемпиондық үшін күрес әлі аяқталған жоқ»

Қазақстандық маман Владимир Чебурин "Астананың" қызығушылығы туралы пікір білдіріп, неге шетелдік клубтардың бірін жаттықтырмай жүргенін айтты. Бұған дейін елордалық команда бас бапкердің міндетін уақытша атқарған Пол Эшуорттың жұмыстан кеткендігін мәлімдеген болатын.

- Владимир Николаевич, "Астана" сізге бас бапкер болу туралы ұсыныс тастады ма?

- Сыбыстар мен шу көп болды, бірақ маған нақты ештеңе келген жоқ.

- Сізді "Астанада" жұмыс істеу қызықтырады ма?

- Әр ұсынысты қарастыруға және ол туралы ойлануға болады, әсіресе бұл "Астана" секілді команда болса.

- "Астананың" атағы мен чемпиондық үшін жарыс туралы не айтасыз?

- Мен бұл жағдайды бағалай алмаймын, жағдайды анық көруге болады, иә, биыл «Астана» үшін ойын Еурокубокта да, Премьер-лигада да сәтсіз болды, бірақ әлі ештеңе жоғалған жоқ. Чемпионатта көшбасшы командалар бәрібір ұпай жоғалтады, жарыс аяқталған жоқ, бәрі алда.

- Басқа ұсыныстар болды ма?

- Ұсыныс түсті, бұл шетелдік клуб еді, бірақ пандемия өз әсерін тигізді, енді бұл тарих болып қалады.

Естеріңізге сала кетейік, Чебурин бұған дейін Литваның «Судува» командасын жаттықтырған, ол үш рет чемпиондық атаққа ие болды. Маусым соңында қазақстандық маман клуб басшылығының келісімшартты ұзартуға мүдделі болғанына қарамастан, кетуге шешім қабылдады.

55 жастағы маман Қазақстанда «Шахтер» мен «Оқжетпесте» жұмыс істеді. Қарағандылық командамен бірге 2009 жылы Премьер-лиганың қола медалін жеңіп алды, ал Көкшетаулық командамен 2011 жылы бірінші лиганың күміс жүлдегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×