Қазақстан - Македония. Жастарымыз жарқырай ала ма?

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
08.10.2020, 18:37
17-00де Қазақстан жастар құрамасы маңызды кездесу өткізеді.
Қазақстан - Македония. Жастарымыз жарқырай ала ма?

Алмас Құлшынбаев пен Асқар Қожабергеновтер баптайтын Қазақстан жастар құрамасы Еуро 2021ге шығуға мүмкіндік алып отыр. Қоржынымызда 10 ұпай. Испания бірінші орын алатыны белгілі. Екінші орынға талас жүріп жатыр. Македония командасының да мақсаты сол. Құрамында 2-3 жақсы ойыншы бар. Олар Еуроға шығуды жоспар етіп қарастырып жатыр. "Штутгартта" ойнайтын футболшысы бар. Демек, шабуылы күшті. Оның үстіне Македония жастар құрамасы Қазақстанға қарағанда 1 ойын кем ойнаған. Демек, жерлестерімізге осы матчта тең жеңіс қажет.

Алайда, көптеген мамандар Македония құрамасы фаворит деп отыр. Оның бір себебі, құрамамыздың негізгі қорғаушысы Геворг Наджарян екі ойын қатарынан сары қағаз алып, осы матчқа қатыса алмайды екен. Ол жайында Алмас Құлшынбаев сұқбатында айтып өтті. Сонымен қатар, "Чайкада" ойнайтын Рамазан Оразов та жарақатына байланысты құрамаға келе алмады. Дегенімен шабуыл шебінде Еркебұлан Сейдахмет бар. Ол кез келген шабуылда гол салып кетуі ықтимал.

Дегенімен, құрамамыз ұзақ уақыт қорғанып, қақпасын голдан аман сақтауға тырысады. Бұл матчта бір гол айырмасының өзі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да, Қазақстан басым бөлікте қорғанып, тек қарымта шабуылдарға иек артады деп ойлаймыз. Өткен жылы бұл құрамалардың ойыны солай өтті. Оралхан Өміртаев гол салып, Қазақстан жастары таразы басын теңестіріп кетті. Жалпы құрамадағы ең маңызды ойыншының бірі осы - Оралхан Өміртаев. Соның голы Қазақстан жастар құрамасына екінші орын алатын мүмкіндік сыйлап тұр. "Тобыл" шабуылшысы өткен турда Израиль қақпасына соңғы минутта гол салып кетті. Жалпы, Оралханды "Джокер" деп атайтындай жөні бар. Соңғы минуттарда гол салудың һас шебері болып келеді. Бүгін Қазақстан құрамасы гол салады деген болжамға келіп отырмыз.

Қазақстан U21 гол салады дегенге Фонбет букмекерлік кеңсесі - 1,30 коэфицент ұсынып отыр. Ал Қазақстан тоталы 1-ден көп дегенге - 1,65 коэфицент. Сонымен қатар, бізге мына бір бәс қатты ұнады. Қазақстан жастар құрамасы 4,5 бұрыштамадан көп көтереді дегенге Фонбет 1,65 коэфицент ұсынып отыр. Кейбір кеңселер бұл матчты өздерінің линияларына да бермепті. Осы бәске Фонбетте 548 мың теңгеге дейін бәс тігуге болады декен. Тіркеліп, бәс тіккіңіз келсе мына сілтемені басыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×