Ди Марцио: «Месси 2004 жылы «Челсиге» ауысуға өте жақын болды»

08.10.2020, 19:11
Қазір Жозе «Тоттенхэмде» жүр. Ал Месси келесі жылы клубтан кетуі мүмкін...
Ди Марцио: «Месси 2004 жылы «Челсиге» ауысуға өте жақын болды»

Журналист Джанлука Ди Марцио "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Мессидің қатысы бар трансферлік дастан туралы айтты. Оның ойынша, аргентиналық футболшы мансабын бастаған кезде каталондық клубтан кетуі мүмкін еді.

"Менің ойымша, футбол тарихындағы ең жұмбақ нәрселердің бірі - Мессидің "Челсиге" ауысупауы. 2004 жылы ол Лондондық клубқа ауысуға өте жақын болды, өйткені Моуриньоның қол астында ойнағысы келді. Ұзақ келіссөздер болды, Лео мен Жозе видеобайланыс арқылы сөйлесті. Мессидің "Барселонадан" кетуі оның алғашқы қабылдаған шешімі болды. Бірнеше айдан кейін ол тағы да осы ауысым жайлы ойланды", - деді Ди Марцио.

Месси "Барселонаның" намысын 2003 жылдан бері қорғап келеді және қазіргі кезде команда капитаны. Каталондық клубпен бірге 33 жастағы футболшы осы уақытқа дейін 34 трофей жеңіп алды. Соңғы трансферлік терезеде Лео клубтан кеткісі келді, бірақ клуб басшылығы оны жібермеді және ол қалуға шешім қабылдады

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×