Азамат Айтхожин: «Исламхан кез-келген сынақтан өтуге дайын

15.11.2020, 00:34
Бұған дейін Бауыржанның алты айға футболдан шеттетілуі мүмкін екендігі хабарланды.
Азамат Айтхожин: «Исламхан кез-келген сынақтан өтуге дайын

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтхожин ұлттық құрама капитаны Бауыржан Исламханмен сәтсіз өткен допинг-тест туралы сөйлескенін айтты.

«Мен ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламханмен телефон арқылы сөйлестім. Ол клуб дәрігерінің нұсқауларын толықтай орындадым деп сендірді. Сондай-ақ, Бауыржан кез-келген сынақтан өтуге дайын.

Қазақстан футбол федерациясы қазіргі жағдайды түсіндіру туралы клубқа ресми хат жолдады. Ойыншының пайдасына оң шешімі табылады деп сенейік. Федерация өз кезегінде Исламханды толығымен қолдайды және қажетті көмек көрсетуге дайын», - деп жазды Айтхожин өзінің Instagram парақшасында.

Исламханның Азия чемпиондар лигасының «Аль-Садд» - «Аль-Айн» матчынан кейінгі тапсырған допинг-сынағы оң нәтиже көрсетті. Футболшы Ұлттар Лигасы аясында өткізетін Қазақстан құрамасының матчтарына шақыртылған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×