Вагнер Лавтың жаңа келісімшарт бойынша алатын жалақы мөлшері белгілі болды

14.11.2020, 23:00
Осы ақшаны ақтап, Чемпиондар лигасына шығуға көмектесу керек.
Вагнер Лавтың жаңа келісімшарт бойынша алатын жалақы мөлшері белгілі болды

Вагнер Лавтың жаңа келісімшарт бойынша «Қайратта» қанша ақша алатыны белгілі болды.

«Инсаид от Kaрпа» телеграм арнасының хабарлауынша, бразилиялықтың жалақысы жылына 1,2 миллион еуроны құрайды. Оған қоса 700 мың еуро көлемінде бонус берілді.

Еске салайық, «Қайрат» Вагнермен келісімшартты бір жылға ұзартқанын мәлімдеген болатын. Бразилиялық футболшы осы жазда алматылық клубқа ауысып, «Қайратқа» соңғы 16 жылдағы алғашқы чемпиондықты жеңіп алуға көмектесті. Қазақстан чемпионатының 13 кездесуінде ол жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×