Келесі маусымда Премьер-лига ережесіне өзгеріс енуі мүмкін

14.11.2020, 22:42
Өткен маусымның екінші бөлігінде бес ойыншы алмастыруға рұқсат берілген болатын.
Келесі маусымда Премьер-лига ережесіне өзгеріс енуі мүмкін

Англия Премьер-лигасының осы маусымында матчтарда бас жарақаттарына байланысты қосымша ойыншы алмастыру жүйесі сынақтан өтеді. Бұл дегеніміз, бас бапкер үш ойыншы алмастырып үлгерсе де, басынан жарақат алған ойыншыны қосымша алмастыра алады. Бұл футболшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына байланысты болып отыр.

Ережені теріс пайдаланбау үшін қарсыластар бір уақытта өзгертулер енгізе алады. Құқықтық мәселелерді талқылау 23 қарашада өтеді. Соңғы шешім Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесінің (IFAB) келесі отырысында қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп Англия Премьер-лигасының басшылығы ойыншылардың жарақат алу қаупін азайту үшін матчтарда бес ойыншы ауыстыру ережесін қарастыруы керек деген пікірін айтқан болатын. «Манчестер Ситиді» баптайтын Хосеп Гвардиола осы маусымда 2019/2020 жылғы маусыммен салыстырғанда бұлшықет жарақаты 47%-ға көп деген статистиканы алға тартып, әріптесін қолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×