Азар «Алавеске» қарсы матчты жіберіп алуы мүмкін

09.07.2020, 03:54
Қырсық шалды деген осы болар. Маусымның қалған бөлігін керемет өткізе ме дегенде жарақат тағы да кедергі келтіруде.
Азар «Алавеске» қарсы матчты жіберіп алуы мүмкін

«Реал Мадрид» шабуылшысы Эден Азардың «Алавеске» қарсы матчқа қатысуы күмән тудырады, деп хабарлайды Cadena SER.

Ойыншы осы жұмада өтетін кездесуді жіберіп алуы мүмкін. Бельгиялық футболшы әлі күнге дейін білегіне қатысты мәселелерді бастан кешуде. Азар «Хетафеге» (1:0) және «Атлетикке» (1:0) қарсы матчтарға да қатыс алмаған болатын. "Реал Мадридтің" бас бапкері Зинедин Зидан Азардың денсаулығына қауіп төндіргісі келмейтіні туралы хабарланды.

Осы маусымда Эден Азар "Реал Мадрид" үшін барлық турнирлерде 19 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 7 голдық пас берді. «Реал» 34 матчта 77 ұпай жинап, Испания чемпионатының кестесінде 1-орынға тұрақтады. Көшбасшылардың үштігіне "Барселона" (73 ұпай) және Мадридтік "Атлетико" (63 ұпай) енген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×