Вернердің орнын басатын ойыншы табылды

08.07.2020, 18:53
«РБ Лейпциг» «Зальцбургтен» Хван Хи Чанды сатып алды. Ол Вернердің бұрынғы нөмірін алды.
Вернердің орнын басатын ойыншы табылды

«Red Bull Salzburg» шабуылшысы Хван Хи Чан мансабын "РБ Лейпцигте" жалғастырады, деп хабарлайды неміс клубының баспасөз қызметі.

24 жастағы оңтүстік Кореялық футболшы бұқалармен 2025 жылдың жазына дейін бес жылдық келісімшартқа отырды. Трансфер құны белгісіз. Хван Хи Чан өзінің жаңа командасы үшін бұрын Тимо Вернерге тиесілі 11-нөмірде ойнайды. Форвард "РБ Лейпцигке" тамыз айында Лиссабонда өтетін Чемпиондар лигасының қалған матчтарында көмектеспейтіні айтылды.

Хван Хи Чан Red Bull Salzburg құрамына 2015 жылы қосылды, кейіннен "Лиферинг" пен "Гамбург" үшін жалға ойнады. Австриялық Бундеслиганың осы маусымында шабуылшы 27 матчқа қатысып, 11 гол соқты (пенальтиден 2) және 1 сары қағаз алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×