Азар "Челси" тарихында ең көп жалақы алатын футболшы атануы мүмкін
17.09.2014, 02:39
Бельгиялық жартылай қорғаушы Эден Азар "Челсимен" бірге жақын арада жаңа келісім- шартқа қол қояды, деп хабарлайды Goal.com сайты.
Екі-жақты келіссөздердің нәтижесінде Азар "ақсүйектер" сапында 2019 жылға дейін өнер көрсетіп, жылына 13 миллион еуро алатын көрінеді. Егерде келіссөздер осылай аяқталатын болса, онда Азар "Челси" тарихындағы ең көп жалақы алатын футболшы атанады.
Қазіргі таңда бұл футболшыға ПСЖ мен "Реал" сынды алпауыт клубтардан ұсыныстар түсуде. Сондықтан "Челси" осы келісім- шарт арқылы Азарды өздерінде сақтап қалуды көздеп отыр.
Дайындаған: Нұрахмет Ерден