Азия кубогі. Мықтының бәрі ширек финалда

21.01.2015, 02:54
Азия кубогі. Мықтының бәрі ширек финалда
Әлемнің бесінші құрлығы саналатын Австралияда үлкен дода өтіп жатқаны белгілі. Азияның үздік командасын анықтауға жасыл құрлыққа 16 команда жиналған болатын. Бүгін, төрт-төрттен төрт топқа бөлінген топтық кезеңді артқа тастап, ширек финалға шыққан командалар белгілі болды. B тобына түскен көршіміз Өзбекстан да, Қытайдан жеңіліп, Сауд Арабиясы мен Солтүстік Кореяны жеңіп, екінші орынмен үздік сегіздіктен орын алды. 23-ші қаңтар күні атақты Мирджолал Қасымов шәкірттері турнирдің алтынынан басты үміткердің бірі саналатын Оңтүстік Кореямен кездесетін болады. Сонымен ширек финалда өзара бақ сынасатын командалармен таныс болыңыздар: 22-ші қаңтар: Қытай-Австралия Оңтүстік Корея-Өзбекстан 23-ші қаңтар: Жапония-БАӘ Иран-Ирак Турнирдің финалы 31-ші қаңтар күні Сиднейдегі "Australia Stadium" стадионында өтетін болады.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×