
“Астана” футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Премьер лигасының 11-турында “Елімайға” қарсы 2:0 есебімен сырт алаңда жеңіске жеткен матчы туралы пікір білдірді.
Маманның айтуынша, команда ойынды алғашқы минуттардан бастап жоғары деңгейде өткізіп, жеңіске лайық ойын көрсетті:
“Бүгін біз өте жақсы матч өткіздік деп ойлаймын. Бастапқы минуттардан-ақ команданың барынша дайын, шабытпен, дұрыс көңіл-күймен және ұйымшыл түрде шыққаны көрініп тұрды. Бұл – жігіттердің тек ойынға емес, “Астана” мен өз беделі үшін күреске шыққанын дәлелдейді.”
Бабаян сонымен қатар команданың барлық ойын уақыттарында тиімді ойнағаны, жеңістің негізгі себебі болғанын атап өтті.
“Біз қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнадық. Команда балансты сақтап, нәтижелі ойын көрсетті.”
Сөз соңында бапкер сырт алаңда қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтып, алдағы ұлттық құраманың ойындарына сәттілік тіледі.
Біздің серіктес: FONBET