
Италия құрамасының аңызы Роберто Баджо 1994 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионаты кезіндегі жағдайлар туралы пікір білдірді.
“Барлық командалардың матчтары шынымен де өте ыстық ауа райында өтті. Бұл ақылға қонымсыз жағдай еді. Біз адам төзгісіз деңгейге дейін күш салдық. Бірақ соған қарамастан бізді алға сүйреген құлшыныс пен нәтиже көрсетуге деген жігер болды.
АҚШ-та өмір сүріп жатқан көптеген Италиялық иммигранттар бізбен мақтанатын. Біз команда ретінде оны сездік. Бұл біз үшін қосымша мотивация болды.” – деді Баджо.
Айта кетейік, сол турнирдің финалында Италия Бразилияға пенальти сериясында есе жіберді, ал шешуші сәттердің бірінде Роберто Баджо өз соққысын мүлт жіберген еді.
“Сол сәтте өлгім келді. Бұл – шындық.” деп ағынан жарылды аты аңызға айналған шабуылшы.
1994 жылғы әлем чемпионаты тоғыз Америкалық қалада өткен. Ал 2026 жылғы турнир АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Біздің серіктес: FONBET