
Қорғаушы Рауан Орынбасар қос тараптың келісімі бойынша павлодарлық “Ертістен” кетті.
Футболшы “көк-ақтар” ұжымына 2025 жылдың қаңтар айында жартылай қорғаушы Әділхан Добай екеуі келіп қосылған болатын. Содан бері Рауан “Ертіс” сапында 13 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды.
Орынбасар өзінің кәсіби жолын 2015 жылы талдықорғандық “Жетісу” қатарында бастаған. Әр жылдары ол ел құрамасының U-19 және U-21 қосынына шақыртылып тұрды.
Түрлі сыбыстарға сәйкес, Рауан алдағы уақытта “Тұран” жейдесінде өнер көрсетуі мүмкін делінген.
Біздің серіктес: FONBET