
Қазақстан құрамасы мен словакиялық «Кошице» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек мансабын басқа чемпионатта жалғастыруға жақын.
Бұл туралы «vesti.kz» мәлімдеген еді.
«Кенжебек словакиялық «Кошицемен» қоштасып, мансабын басқа командада жалғастырмақ. Дәл қазір жұмыс бірнеше бағытта жүруде. Футболшының көздегені Еуропада қалу.
Ғалымжанға деген нақты қызығушылық Испанияда, Сегунда клубтарынан болуда (екінші дивизион). Сондай-ақ, қазақстандықпен шотландиялық «Хартс» та хабарласты. Алайда, бұл трансфер тоқтап тұр, себебі осыған дейін осы позицияға футболшы алынып қойған болатын», - делінген сайт материалында.
Ғалымжан Кенжебек маусымды кипрлік «Акритас» сапында бастап, 15 ойында 5 гол мен бір ассисттің авторы атанды. Маусымның ортасында 23 жастағы футболшы Словакия біріншілігіне ауысқан. Онда Ғ. Кенжебек 10 матчта бір гол мен бір ассист тіркеген болатын.
Біздің серіктес: FONBET