
Кәсіпқой футболшылардың халықаралық ассоциациясы (FIFPro) 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатында ойыншылардың денсаулығын қорғау үшін арнайы шаралар енгізуді ұсынды.
Ұсынылған шаралар қатарында 15 минуттық үзілісті 20 минутқа дейін ұзарту және ойын барысында жиі су ішуге мүмкіндік беретін үзілістер санын көбейту бар.
2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында өтеді. Турнирді қабылдайтын 16 қаланың тоғызында (Атланта, Бостон, Даллас, Гвадалахара, Хьюстон, Канзас-Сити, Майами, Монтеррей және Филадельфия) аптап ыстық пен жоғары ылғалдылық күтілуде. Бұл жағдайлар футболшылардың денсаулығына "аса қауіпті” деп бағаланып отыр.
FIFPro-ның ұсынымына сәйкес, егер ауа температурасы 28 градустан жоғары болса, ойындарды кейінге қалдыру немесе басқа уақытқа ауыстыру қажет. Бұл шешім ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдануы тиіс.
Біздің серіктес: FONBET