“Каспий” қатары 28 жастағы шабуылшымен толықты

Орталық шабуылшы Едіге Оралбай ақтаулық “Каспий” жейдесінде өнер көрсететін болды.

“Каспий” қатары 28 жастағы шабуылшымен толықты

Жазғы трансферлік ауысымда еркін агент атанбастан бұрын, тәжірибелі ойыншы “Атырау сапында тіркелген еді. Премьер-лига ұжымында Оралбай барлығы 12 ойында алаңға шығып, тек 1 нәтижелі әрекетімен көзге түсті. Клубқа белорус бапкері Виталий Жуковскийдің қайта оралуымен Едіге мұнайшыларға керек болмай қалды. Жаттықтырушы “Атырауға” өзімен бірге Лука Згурский бастаған легионер шабуылшыларды алып келді. 

Едіге өзінің кәсіби мансабында оралдың “Ақжайығы”, түркістанның “Мақтааралы”, шымкенттің “Қыраны” және талдықорғанның “Жетісуында” доп тепкен. 

Оралбай ақтаулық ұжымға сұрмерген Мирас Тұрлыбайға бәсекелестік көрсетуі тиіс деген мақсатпен алынды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×