Қадірменді оқырман қауым! Осыдан бір апта бұрын бастау алған пікірлер сайысы додасы өз мəресіне жетті. Барселона қаласынан келген жейде өз иесін тапты. Жүлде қойған комментатор, спорт журналисі Елдос Сапарғали үздік үш пікірді анықтады.
Елдос Сапарғали: - Сайт бетіне қысқа аралықта түскен барлық пікірлерді оқып шықтым. Таңдау жасау өте қиынға соқты. Дегенмен де, сайыс болғаннан соң өзіме ұнаған үш пікірді белгіледім. Олардың ішінде Роналду мен Месси жайлы тамаша пікір жазған Ернар Каштан есімді бауырымыз бас жүлдеге ие деп санадым. Сонымен қатар, сайысқа қатысқандар арасында қыздарда болғандығын атап өткім келеді. Əсіресе, олардың ішінде Ақмаусым Жанатқызы мен Дана Қалауғалиевалардың пікірі ұнады. Жігіттер арасынан төртінші орынға Нұржауған Алғалиевті қойып отырмын. Бірақ, бізде төртінші орын номинациясы жоқ. Сылықтарға ие болған 2 жəне 3 орын алған жігіттердің пікірін төменге қойып отырмын.
Жеңімпаз пікір:
Мен басқа жанкүйерлер секілді «Барселонаны» даттамаймын.Реал Мадрид-Барселона бұл футбол тарихындағы үздік клубтар!Қазіргі футболшылар. Аладопты аяғында ойнатқан футболшылардың мынаусы мықты деп айта алмайсың.Қазіргі таңда әр-бір жанкүйердің аузында жүретін,бітпес айқас ол әрине: Криштиану Роналду және Лионель Месси.Әлемді қанша айналсаңда қазіргі уақытта бұндай,фантастикалық нәтижелерді көрсететін футболшыларды табу қыйын.Екеуі де әлемді аяғына қаратқан әккі футболшылар.Бұл аңыздар талай тіс-қаққан футболшылардың рекордтарын бұзды.Лондондық ақсүйектер алаңда екінші нөмірмен ойнады.Алаң иелері барлық мәселені бірінші таймда ақ шешіп тастайтын еді, оған кедергі бола білген ол Тибо Куртуа.Белгиялық жас қақпашы командаластарын бірнеше қауіпті сәттерден аман алып шықты.Оған дәлел матч соңында Луиздің берген сұхбаты, ол Куртуа болмағанда біз жеңіске жетер едік деген болатын.Қарымта матч Париждіктер үшін қиынға түсетіні сөзсіз, оның үстіне Мауринью шәкірттері жеңіске бір табан жақын екенін ұмытпайық.Себебі өткен жылы осы Челсидің қонақта соққан голы арқасында келесі кезеңге өткен болатын.
Украйнада болған матч екі команданың тең түсерін сезгенмін өйткені алдыңғы мақалаларда жазған болатынмын.Матчқа келетін болсақ Шахтер үшін бұл жақсы нәтиже.Роббен бастаған Пеп шәкірттері ойындағы барлық басымдылықты алсада Андрей Пятов қорғаған қақпадан бірде бір допты көре алмадық.Шахтерліктер матчта стандартты жағдайлармен қарымта шабуылға шығып отырды бірақ нәтиже өзгеріссіз қалды.Айтпақшы Хаби Алонсоны чемпиондар лигасындағы 100інші матчымен құттықаймыз.Мерекелік матчын сәтті өткзе алмады себебі сол ойында Хаби алаңнан қуылды.Келесі кезеңнің жолдамасы Германияда сарапқа салатын болды.
Мəлік Кеңесбай
Барлық жеңімпаздарды Аладоп.кз сайтының ФЕЙСБУК əлеуметтік желісіндегі парақшасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Айта кетейік Ернар Каштан - "Барселона" жейдесінің иесі атанса, қалған екі жеңімазымызды жұбаныш сыйлықтары күтіп тұр.
АЛАДОП.КЗ сайты