
«Şafak Malatya» мәлімдеуінше, мәскеулік клуб дәл қазір стамбулдық «Бешикташтың» футболшысы Бахтиер Зайнутдиновпен келіссөздер жүргізуде.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысына сондай-ақ, ресейлік тағы бірнеше топ-клубтың қызығушылығы бары мәлім. Атап айтсақ, біраз БАҚ-та Зайнутдиновті Санкт-Петербордың «Зениті» мен «Краснодар» өзінің қатарына қосқысы келетіні айтылған. Дегенмен, түркиялық порталдың мәліметіне сәйкес, дәл қазір 27 жастағы футболшыға таласта мәскеулік «Динамо» көш бастап тұр.
Тараз футболының түлегі стамбулдық ұжым жейдесінде 2023-жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Түркия Суперлигасының өткен маусымында барлық турнирдегі 12 кездесуде 1 голдық пастың авторы атанды. Футболшы мен «Бешикташтың» келісімшарты 2027-жылдың жазына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 3,3 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET