Кевин Де Брюйне “Наполиге” ауысты

11.06.2025, 13:00

2025 жылғы трансферлік терезенің ең үлкен ауысымдарының бірі жүзеге асты. Әлемдік футболдың үздік жартылай қорғаушыларының бірі Кевин Де Брюйне енді Италияда өнер көрсететін болады. Ол 10 жыл бойы "Манчестер Сити" сапында өнер көрсетіп, клуб тарихының аңызына айналған, ал енді “Наполи” командасымен екі жылдық келісімшартқа қол қойып отыр. Бұл келісімде қосымша тағы бір жылдық ұзарту нұсқасы қарастырылған.

Кевин Де Брюйне “Наполиге” ауысты

Кевин Де Брюйне "Манчестер Сити" сапына 2015 жылы "Вольфсбургтен" келген еді. Ол клуб құрамында 6 мәрте Ағылшын Премьер лигасының чемпионы атанды, Англия Кубогын, Супер кубогын, Лига Кубогын бірнеше рет иеленді. Және 2023 жылы клуб тарихындағы алғашқы Чемпиондар Лигасы жеңісіне зор үлес қосқан ойыншылардың бірі болды. 

Оның “Ситимен” келісімшарты аяқталып, клубпен ұзартуға қатысты нақты келіссөздер болмаған соң, ойыншы еркін агент ретінде жаңа нұсқаларды қарастыра бастаған.

Көпшілік Кевинді Сауд Арабиясы немесе АҚШ-тың  лигасына ауысады деп болжады. Шынында да, ол жақтардан бірнеше клуб мол табыс ұсынған. Бірақ Кевин Де Брюйне жоғары деңгейде ойнауды әрі Чемпиондар Лигасындағы күресті жалғастыруды қалады. Сол үшін ол жақында ғана Италия чемпионы атанған “Наполиге” ауысты.

Кевиннің шешіміне тек футбол емес, отбасылық факторлар да әсер еткен. Оның әйелі Мишель Лакруа мен балаларына Наполи қаласындағы өмір ұнаған. Кевиннің агенті берген мәліметтерге қарағанда, отбасы алдын ала Неапольге келіп, қала өмірімен танысқан, мектептер мен тұрғылықты жерді қарап шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×