Бахтиер Зайнутдинов Түркия Кубогінің иегері атанды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
24.05.2024, 07:41

Кеше Қазақстан құрамасының футболшысы өнер көрсететін "Бешикташ" пен "Трабзонспор" Түркия Кубогінің финалында жолықты

Бахтиер Зайнутдинов Түркия Кубогінің иегері атанды
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Тартысты бәсекеде Стамбулдық клуб 3:2 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді. Бахтиер Зайнутдинов бұл матчқа жарақатына байланысты қатыса алмаған болатын. Ал жалпы қазақстандық жартылай қорғаушы Түркия Кубогі жолындағы турнирдің 3 кездесуінде жасыл алаңға шыққан.

Айта кетейік, бұл Зайнутдиновтың "Бешикташ" сапындағы тұңғыш трофейі. Енді ол командасымен келесі маусымда Еуропа лигасында ойнай алады. Еске салсақ, Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташқа" былтыр тамыз айында мәскеулік "ЦСКАДАН" ауысып барған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×