“Милан” командасының бапкері Пиоли қызметінен кетті

24.05.2024, 16:23

Стефано Пиоли “Милан” клубын келесі маусымда жаттықтырмайтын болды.

“Милан” командасының бапкері Пиоли қызметінен кетті

“Россонери” ұжымы 58 жастағы маманмен өзара келісім бойынша серіктестікті тоқтатты. Бапкер “Милан” құрылымында 2019 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 

Стефано бапкерлік мансабында тек итальяндық командаларды баптаған. Атап айтсақ, “Болонья”, “Кьево”, “Салернитана”, “Модена”, “Парма”, “Сассуоло”, “Лацио”, “Интер”, “Фиорентина” және сөзмізге арқау болып отырған “Милан” клубтары. 

Пиоли 2021/22 жылғы маусымда “Миланмен” бірге скудеттоны жеңіп алды. Сол жылы бапкер А Серияның үздік бапкері атағына лайық деп танылды. 

Айта кетейік, осы маусым соңында “россонери” командасынан шабуылшы Оливье Жируда кететін болды. Француз бағын МЛС-те сынап көруді жөн санап отыр екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×