Руни Чемпионшиптегі орнын сақтап қалған клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

24.05.2024, 16:39

Уэйн Руни “Плимут” командасының бапкері атанады деп күтілуде.

Руни Чемпионшиптегі орнын сақтап қалған клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

Англия ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы чемпионшиптің соңғы турында өз орнын сақтап қалған ұжыммен бірқатар келіссөздер жүргізіп үлгерген екен.

“Плимут” маусым қорытындысы бойынша 51 ұпаймен 21 орынға жайғасты. Аталған клуб Уэйн Рунидің осы уақытқа дейін жаттықтырып келген “Бирмингемінен” 1 ұпайға озып кетті. Сол арқылы дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, “Плимут” командасының басшысы Нил Дьюснип Руниді арнайы шақыртқан екен. Олар “Эвертон” құрылымында бірге жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×